Желіде Дайрабаевқа қатысты қызық видео тарап кетті

Әлеуметтік желіде Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың қызық видеосы тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрларда депутат телефонмен сөйлесіп отырғандай көрінеді. Бір желі қолданушысы депутат Дайрабаев телефон арқылы аудиохабарлама жіберіп жатқанын жазған.

"Елдің, жердің мәселесі қозғалатын жерге телефон кіргізбеу керек", - деді Instagram-да желі қолданушысының бірі.

Желіде тараған осы видеоға қатысты депутатқа хабарласып көруге тырыстық.

"Жұмыс барысында сіздер ұқсап бір журналиске жайлап дауысыммен жауап бердім. Журналис пе, көрейінші, қарауға да уақытым болған жоқ. ...Жауап бермей-ақ қояйын ол жөнінде", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін депутат Жигули Дайрабаевтың ұлдары ер адамды құлдықта ұстады деген ақпарат тараған еді. Артынша ол бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Мен адвокаттар арқылы жақын арада өз құқықтарымды, ар-намысымды және қадір-қасиетімді қорғау үшін құқық қорғау және сот органдарына жүгінуге ниеттімін! Себебі менің абыройыма қарсы арнайы тапсырыспен жазбалар жаздырып жүрген адамды білемін. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қатысушы тұлға тиісті қылмыстық және өзге де жауапкершілікке тартылады деп санаймын", - деді Мәжіліс депутаты. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!