Алматыда ағаш бірнеше көлік үстіне құлады

Алматыда ағаш көліктерге құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде бұған ұқсас бірнеше жағдайдың болғаны айтылды. 

Оның бірі таңғы сағат 7-де 9-шағынауданда болған. Ағаш аулада тұрған көліктердің үстіне құлаған. 

Әуезов ауданының әкімдігі толық мәлімет берді.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл мекенжайдың ауласында диаметрі 90 сантиметр үйеңкі құлап, оқиға орнына аудандық экология бөлімі барды, тұрғындардың Алматы қалалық құтқару қызметіне жүгінгені де тіркелді. Қазір қалалық құтқару қызметі ағашты кесіп жатыр, кейін ауданның мердігерлік ұйымы ағашты алып тастайды", - деп хабарлады әкімдік өкілдері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!