Путиннің ағасы қайтыс болды - БАҚ

Путиннің ағасы қайтыс болды - БАҚ
Фото: "Агентство"

Ресей президенті Владимир Путиннің немере ағасы қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі IvanovoNews-қа сілтеме жасап.

Евгений Путин 92 жасында қайтыс болды. Ол өткен жексенбіде Иваново қаласында жерленген.

Ресей президентінің немере ағасы ұзақ уақыт Ивановода тұрып, дәрігер болып жұмыс істеген. Ол 1970-1990 жылдар аралығында науқастарды емдеген уролог ретінде белгілі.

Басылым мәліметінше, Евгений Путин - Ресей президентінің немере ағасы. Олардың әкелері - Владимир Спиридонович пен Михаил Спиридонович ағайынды болған.

Ресейлік БАҚ мәліметінше, Евгений Путиннің ұлы Михаил "Газпром" басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Евгений Путиннің қызы Анна - Кемерово облысының губернаторы Сергей Цивилевтің әйелі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова