Енді Қазақстанда YouTube Premium қосуға болады

 Енді Қазақстанда YouTube Premium қосуға болады
Фото: Тengrinews.kz/ Әлихан Сариев

Қазақстандықтар енді YouTube Premium-ге жазыла алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Premium YouTube-парақшасының иелері видеоларды жарнамасыз және фон режимінде көре алады, интернетке қосылмай көру үшін бейнелерді сақтай алады және басқа да бірқатар мүмкіндікке ие болады.

Қазақстандықтарға YouTube Premium-ге жазылудың бірнеше нұсқасы ұсынылды: жеке, отбасы және студенттерге.

Айта кетейік, сервис Tengrinews.kz тілшісіне YouTube Premium үшін әртүрлі баға көрсетілген. iPhone-нан қараған кезде жеке жазылым айына 3500 теңге болса, компьютерден айына 2700 теңге көрсетеді.

БАҚ мәліметінше, бірқатар елде жеке жазылымның бағасы айына $11,99 (шамамен 5400 теңге) болады.

Айта кетейік, цифрлық даму министрі Бағдат Мусин YouTube Premium Қазақстанда 2023 жылы болады деп уәде еткен еді, кейін "бұл жыл аяғына дейін болмауы мүмкін" деп мәлімдеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек