Оразаға дейін 40 күн ішімдік ішпеу керек деген қаншалық дұрыс?

Оразаға дейін 40 күн ішімдік ішпеу керек деген қаншалық дұрыс?
Фото: ul.aif.ru

Белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы оразаға дейін 40 күн ішімдік ішпеу керек деген пікірге қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Имамның сөзінше, бұл қате пікір. 

"Сонда оразаға дейін шамамен ішпеу керек, 40 күннен кейін "құтылдым-ау" дегендей қайтадан ішу керек пе? Бұл ең қате пікір. Ел арасында осындай пікір бар. Оразаға дейін 40 күннің ішінде ішімдік ішіп қойсаң ораза ұстамайсың деп ойлайды. Жоқ, ұстай бересіз. Ондай түсінік жоқ", - дейді имам. 

@daulet_zko7 Колдап кетиниз❤️? #ораза #кабыл #болсын#? ♬ оригинальный звук - ??????

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина