"Жүрегіме жаңа тамыр салып қойды". Сәбит Әбдіхалықов сырқаты туралы айтты

"Жүрегіме жаңа тамыр салып қойды". Сәбит Әбдіхалықов сырқаты туралы айтты
Фото: Instagram

Актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықов сырқаты туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актердің сөзінше, ол 2016 жылы инфаркт алған. 

"Содан кейін жүрек дұрыс болмады ғой. Осы жолы дәрігерлер арнайы операция жасап, жүрегіме жаңа тамыр салып қойды. Екі апта бұрын жасалды. Қазір бәрі жақсы", - дейді актер.

Еске салайық, бұған дейін Сәбит Әбдіхалықов күрделі ота жасатқаны хабарланған болатын. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина