Лаура Мерсәлімова уақытша әділет вице-министрі болып тағайындалды

Лаура Мерсәлімова уақытша әділет вице-министрі болып тағайындалды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Лаура Мерсәлімова ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР үкіметінің қаулысымен Алма Мұқанованың әлеуметтік демалысқа шығуына байланысты Лаура Мерсәлімова уақытша әділет вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Лаура Мерсәлімова 1981 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы Корпоративтік басқарудың жоғары мектебін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Әділет министрлігі Азаматтық хал актілерінің жазбасы істері бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2003-2010 жылдары ӘМ жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы,

2010-2014 жылдары ӘМ департаменті директорының орынбасары,

2014 жылы ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Заң қызметі департаментінің директоры болды.

2014-2023 жылдары "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасында департамент директорының орынбасары, басқарушы директор – департамент директоры,

2023 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін "Атамекен" ҰКП басқарушы директоры – заңнама департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан