Қай дәруменнің жетіспеушілігі онкологияға әкелуі мүмкін?

Қай дәруменнің жетіспеушілігі онкологияға әкелуі мүмкін?
Фото: pixabay.com

D тобының дәрумендері ағзаға фосфор және кальций сіңуі үшін қажет. Эндокринолог Наталия Тананакинаның айтуынша, бұл дәруменнің жетіспеушілігі рахиттен бастап онкологияға дейінгі түрлі аурулардың дамуына әкелуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Известия"-ға сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, D тобының дәрумендері өсімдік және жануар текті майда еритін қосылыстардың жиынтығынан тұрады: холекальциферол, колекальциферол, эргокальциферол  және олардың туындылары. Оның айтуынша, дәл осы микроэлементтер ағзаның фосфор мен кальцийді сіңіруін қамтамасыз етеді.

"Дәруменнің бір бөлігін күн сәулесінен, ал қалған бөлігін тамақтан алуға болады. D тобының дәрумендері балықта көп", - дейді Наталия Тананакина.

Дәрігер D тобы дәрумендерінің жетіспеушілігі балалар рахиті, остеопороз, жүрек-қан тамырлар аурулары және тіпті онкология дамуын ынталандыруы мүмкін екенін ескертті. Оның айтуынша, бұл микроэлементтің жетіспеушілігін әлсіз бұлшықет тонусы, сынғыш тырнақ, құрғақ тері, көп түсетін шаш, сондай-ақ бұлшықеттер мен сүйектер ауыруы көрсетеді. Егер бұл белгілерді байқасаңыз, дәрігерге көрінген жөн.

"D дәруменінің деңгейі қанның биохимиялық анализі кезінде анықталады. Егер оның жетіспеушілігі анықталса, дәрігерлер дәруменді қоспа ішуге кеңес береді", - дейді маман.

Эндокринолог рационға аса мән беруді ұсынды. Оның айтуынша, D дәрумені жетіспесе, сүт және теңіз өнімдерін, жұмыртқа және саңырауқұлақты көбірек жеу керек.

"D дәрумені жетіспейтін науқастар үйлесімді рацион қалыптастыру үшін эндокринолог маманына қаралуы керек", - дейді Наталия Тананакина.

Оқи отырыңыз: Сүт безі қатерлі ісігін бастапқы стадияда қалай анықтауға болады?

А. Жапатова