Биыл - ардагер Жанша Жанасовтың дүниеге келгеніне 100 жыл. Батыр туралы не белгілі?

Биыл - ардагер Жанша Жанасовтың дүниеге келгеніне 100 жыл. Батыр туралы не белгілі?
Фото: ©Жаншы Жанасовтың отбасы мұрағатынан

Биыл - Ұлы Отан соғысының ардагері Жаншы Жанасовтың дүниеге келгеніне 100 жыл. Батыр туралы не белгілі? Massaget.kz тілшісі Рақымжан Қошқарбаевпен бірге Отан қорғаған жауынгер өмірі туралы баяндайды.

Алматыда 2020 жылы 13 тамызда 96 жасқа толған шағында Ұлы Отан соғысының ардагері Жаншы Жанасов өмірден өткен еді. Ол - І дәрежелі Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз ордендерінің кавалері, "Варшаваны азат еткені үшін", "Берлинді алғаны үшін" және басқа да көптеген медальмен марапатталған.

Жаншы Жанасовтың отбасы мұрағатынан

Жаншы Жанасұлы 1924 жылы 15 наурызда Қарағанды ​​облысы, Ұлытау ауданы, Қарсақпай ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін мектепті тәмамдап, 1942 жылы 18 жасқа толғанда әскер қатарына шақырылған.

1942 жылдың қыркүйегінен бастап Көкшетау қаласындағы кіші командирлер мектебінде оқыды. 1943 жылы көктемде оқуын аяқтаған соң, Сталинградқа жіберілген майданға шақырылушыларды дайындауға кірісті. Сол жылдары ардагер болашақ батыр Рақымжан Қошқарбаевпен танысқан. 

©"Память народа"

1943 жылы Жаншы Жанасұлы Ресейден эвакуацияланған Фрунзе атындағы жаяу әскер училищесіне оқуға жіберілді (Тамбов офицерлер училищесі - еск). Онда кіші лейтенант шенін алады. 1944 жылы қарашаның ортасында Жанша 1-Белорус майданының 3-ші соққы армиясына, 23-гвардиялық дивизияға жіберіледі. Ал Рахымжан 150-ші дивизияға жіберілген еді, кейін олардың тағдыры екі жаққа ажырады. 

Ардагер Польшадағы ұрыстарға қатысқан. Ол Варшава маңында Висла өзенінен өту кезінде ауыр шайқастар болғанын еске алады. Сол кезде көп адам қаза болған еді. Сол ерлігі үшін ардагер "Варшаваны азат еткені үшін" медалімен марапатталды. Кейін Германияға қарсы шайқастар болды. Жаншы Жанасұлы Берлинге "қақпа" ашқан Одер өзенінен өту кезіндегі ұрыстарға қатысты. Батыр 40 адамнан тұратын взводты басқарды.

©"Память народа" 

1945 жылы 16-19 сәуір аралығында өткен Зелоу биігіндегі шайқасқа, одан кейін Берлинге шабуылға қатысты. 17 сәуірде Аль-Одер (Одер тармағы) жағасында жараланды. Естеліктерінің бірінде жеңіс туралы хабарды ауруханада естігенін айтқан еді. 

©"Память народа" 

"Лейтенант Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Болатов Рейхстагқа тіккен полк туы қызыл матаның бір бөлігіне ұқсады. Кейін Қызыл Армияның сарбаздары Рейхстагты бұзып кіргенде, түрлі жерлерге осындай ту тіге бастады. Бірақ Қошқарбаев пен Болатовтың алғаш болып жеткенін Маршал Жуковқа дейін барлық командир білген еді. Бірақ олардың ешқайсысы Жеңіс туын көтеруге ресми тағайындалған жоқ", - деді Жаншы Жанасов бұл туралы.

Жаншы мен Рахымжан көп жылдан кейін ағылшын оккупация аймағымен шекаралас Магдебург қаласында кездесті. Бұл жер взводты күзетуге және шекараны кесіп өтпек болған немістер тұтқынға алуға тиіс шекара учаскесі болып бекітілген еді. 

"Мотоциклмен өз секциямды шарлап келе жатып, кездейсоқ басқа взводтың станциясына тоқтадым. Онда кімді жолықтырдым деп ойлайсыңдар? Рақымжанды! Қуанышымда шек болмады! Үш күн бойы қатты қуандым!" – деді ардагер. Содан кейін олар Германияда біраз уақыт бірге қызмет еткен. 

©Жаншы Жанасовтың отбасы мұрағатынан

Ардагер соғыс туралы айтуды ұнатпайтын және бейбіт өмірдегі ерлігін мақтан тұтатын. Ол әрқашан білімнің маңызды екенін айтып, балалардың білімге деген құштарлығын жоғары бағалаған.

Батыр соғыстан кейін Қарағанды ​​тау-кен институтын "тау-кен инженері" мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұл жылдары 30 жасында отбасы, төрт баласы бар адам жоғарғы оқу орнына түсе бермейтін. Бірақ өмір мұның дұрыс шешім болғанын дәлелдеді.

Халық жадында ол ең алдымен Қазақстанның құрметті құрылысшысы - Қазақстандағы барлық өнеркәсіп нысанын салып, іске қосуға атсалысқан "Қазмеханомонтаж" тресінің басқарушысы болып қалды.

Жаншы Жанасұлы Шымкент мұнай-химия зауытының, Гурьев, Шымкент, Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының және мұнай құбырларының, Қарағанды ​​металлургия комбинатының Теміртаудағы No4 домна пешінің құрылысына жетекшілік еткен еді.

"Жеңімпаздар" жобасы аясында Жанша Жанасов болашақ ұрпаққа үндеу жасады. Онда ол жастарды заман талабына сай ғылыммен айналысуға, міндетті түрде еңбек етуге, тіл үйренуге шақырды.

Massaget.kz редакциясы Жаншы Жанасұлының жары Хадиша апайға, ұл-қыздарына, немере-шөберелеріне ортақтасып көңіл айтады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек