Атырау облысында жолаушылар тасымалдайтын автобус өртеніп кетті

Атырау облысында жолаушылар тасымалдайтын автобус өртеніп кетті
Фото: Атырау облысы ТЖМ

Атырау облысында жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік толықтай жанып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар бөлімі мамандарының айтуынша, "Атырау-Мақат" маршруты бойынша қатынайтын м/б KZ 523 AFX/06 автобусындағы өрт салондағы электр сымдарының қысқа тұйықталуынан орын алған.  

"Өрт сағат 20:39-да оқшауланып, 20:52-де толықтай жойылған. Оқиға орнына №8 Өрт сөндіру бөлімінен 7 құтқарушы мен 2 бірлік техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы