"Тоқырау кезі". Әнші Еркін Нұржанов сахнадан неге көрінбей кеткенін айтты

"Жігіттер" квартетінің экс мүшесі, әнші Еркін Нұржанов ата-анасының өнерге қолдауы туралы айтты. Бұл туралы өнер иесі 1001 түн бағдарламасына берген сұхбатта әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнерпаз отбасында әкесінің қолдауы жақсы болғанын, тіпті соңғы тиына Венгриядан ямаха сатып алып бергенін жеткізді. 

"Әкем менің тарапымда болды. Әлі есімде ол кезде жағдай қиын ба еді, тері куртка сән болған. Менің әкем жастайынан жетім қалған. Әкеден де, шешеден де. Менің осы көрмегенімді, балам көрсін – деп бетімнен қақпай өсірді. Көп жағдайда өнер адамдарынан естіп жатамыз, өнерге қарсы болды деген секілді. Ал менің әкем мүмкіндігінше өнерге жол ашып беріп жүрді. Өздерінің мүмкіншіліктері болмай жүрсе де, үйдегі екі сиырын сатып, қарызданып, қауғаланып жүріп, Венгриядан ямаха алдыртып берген болатын. Одан бергі айтысқа қатысатын кезде, әкем көп кісілердің алдына барып, шырылдап жүріп, менің халықаралық айтысқа шығуыма себепкер болды. Сол айтыста жүлделі ІІ орын алдым. Ата-анамның қолдауы өте үлкен еді", - дейді Еркін Нұржанов.

Сондай-ақ, әнші шығармашылығнда неліктен үзіліс болғанын айтты.

"Енді ондай бір үзілістер болғаны жасырын емес. Бұл қасақана жасалынған үзіліс емес. Ешкімге ренішім жоқ, өнерден алыстау мақсатында емес, өмірдің реті солай келіп қалған секілді. Бұл өнер деген тірі организм оның да шарықтау шегі, тоқырау кезі болады. Солай бір творчествоның аздап үзіліс алып қалдық. Бала-шағаға көңіл бөлу, жеке өмір, көшу-қону тағы басқаға байланысты кішігірім үзіліс деп өзім қабылдаймын", – дейді әнші.

 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!