Семейдегі су тасқыны: тұрғын үйлерге қауіп төніп тұр ма?

Семейдегі су тасқыны: тұрғын үйлерге қауіп төніп тұр ма?
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Семейде төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су тасқынының салдарын жою және еріген қардан пайда болған суды сору жұмыстарын жалғастыруда, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, еріген судың көп мөлшері тұрғын үйлердің аумақтарында, атап айтқанда Қажымұқан, Репин, Красина және Городская көшелерінің бойында жиналған.

"Қазіргі уақытта Красин, Городская, Қажымұқан және Репин көшелерінен суды сору жұмыстары аяқталды. Барлығы 1200 текше метрден астам су сорылды. Тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, жергілікті жердегі тұрақты мониторингті әкімдік пен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жүргізеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы