Бурабайда ресейлік азаматша жұмбақ жағдайда көз жұмды

Бурабайда ресейлік азаматша жұмбақ жағдайда көз жұмды
Фото: depositphotos.com

11 наурыз күні таңғы сағат жетіде Щучинск қаласында Балдәурен лагерінің маңында әйел адамның мүрдесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі aqmolive парақшасына сілтеме жасап.

1997 жылы туған Татьяна Михайлова түскі уақытта қаңғыбас иттерді тамақтандыруға шығып кеткен.

"Ол РФ азаматшасы екені анықталды. Соңғы екі жылда Щучинск қаласында тұрып жатқан. Денесінде зорлық–зомбылықтың ізі байқалмаған. Азаматшаның денесі Мамандандырылған ауданарлық сотқа жолданды", – делінген хабарламада"

Бірге тұрған азаматтың сөзінше, Татьяна сағат 19:00 шамасында қоңырау шалып, ыстық ванна дайындап қоюын өтінген. Қатты тоңып қалғанын айтып, жақын уақытта үйге оралатынын хабарлаған. Алайда, осы жағдайдан кейін азаматша байланысқа шықпаған. Алкогольдік ішімдікке әуестігі болмағаны, есепте тұрмағаны белгілі болды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы