Диетолог ағзаның қартаюын баяулататын өнімдерді атады

Диетолог ағзаның қартаюын баяулататын өнімдерді атады
Фото: pixabay.com

Ағзаның қартаю процестерін баяулатуға рацион әсер ете алады. Ол үшін рационға қандай өнімдер қосу керек? Бұл сұраққа "Газета.Ru"-ға диетолог Оксана Михалева жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бірінші орында – майлы балық.

"Ол - көп қанықпаған омега-3 май қышқылдарының көзі. Омега-3 созылмалы қабынуды басады, оксидативті күйзелісен қорғайды, остеопороздың алдын алады және тері саулығын сақтайды. Омега-3 майлы қышылдары қымбат қызыл балықта ғана емес, майшабақ пен скумбрияда да бар", - дейді ол.

Екінші орында – жемістер мен көкөністер.

"Олардың түсі қаншалықты әртүрлі болса, құрамындағы ерекше фитохимиялық заттар соншылықты көп болады. Олардың барлығы табиғи антиоксидант болып саналады және қартаюдан қорғайды. Жемістер мен көкөністердің тәуліктік нормасы – ересектер үшін 500 г-нан аз емес", - дейді маман.

Үшінші орында – тұтас дәнді дақылдар мен бұршақтылар.

"Оларда жасұнық, В тобының дәрумендері және ақуыз көп. Бұл өнімдер категориясына кіретін жасұнық ішек жаңа түзілімінен қорғайды. Сау микробиота инсулинге төзімділіктің алдын алады", - дейді дәрігер.

Төртінші орында – сүтті өнімдер (майлы және тәтті емес). Олар кальцийдің негізгі көзі және сүйектердің қартаю процесі – остеопороздан қорғайды.

"Бесінші – ақуыз және коллаген көзіне жататын ет өнімдері. Бұл ақуызды өнімдер тері мен шаш саулығын және бұлшықет массасын сақтауға көмектеседі. Бұл өте маңызды. Бұлшықет массасының азаюы - қартаю процесінің іске қосылғанының бір белгісі. Бұлшықет массасын сақтау үшін ақуызға бай өнімдерді жеумен қатар физикалық белсенділік те маңызды рөл атқарады", - дейді диетолог Оксана Михалева.

Оқи отырыңыз: "Семіздікке және онкологияға әкеледі". Дәрігер ерлерге зиян 5 өнімді атады

А. Жапатова