Танымал актер бір сиыр алып, той басқарып берген кезі туралы айтты

Танымал актер бір сиыр алып, той басқарып берген кезі туралы айтты
Фото: instagram

Танымал актер Жанболат Найзабеков бір сиырдың құнын алып той басқарып берген кезі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Қызылорда телеарнасының "Qyzyq Orda" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, қоңырау үй телефонынан түскен. 

"Телефонды алсам үлкен апа. Балам сені қатты қалап отыр дейді. Басқарып берші бір сиырға дейді. Апаның көңілін қимадым. Той қайда десем Қордайда дейді. Алдын ала ақша да алған жоқпыз. Одан кейін хабарласқан жоқ. Бардық. Ауылдың қарапайым адамдары екен. Біреу келіп түртіп қояды. Той бітті, сыртқа шақырды. Сыртта сиырды байлап қойған. Мынаны қалай алып кетемін десем, "білмеймін, саған бір сиыр деп айттым ғой. Сол сиырды бір жыл жеп жаттық", - дейді актер.   

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина