Түркістан облысында ер адам садақа жәшігі мен имамның бөлмесіндегі сейфте тұрған ақшаны ұрлап кеткен

Түркістан облысында ер адам садақа жәшігі мен имамның бөлмесіндегі сейфте тұрған ақшаны ұрлап кеткен
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері криминалистикалық әдістердің көмегімен Келес және Сарыағаш аудандарындағы мешіттерге ұрлыққа түскен күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мәселен, бірінші факті бойынша Келес ауданының мешітінде күдікті садақа жәшігінен 60 мың теңгені, ал екінші факті бойынша Сарыағаш ауданы мешіт имамының қызметтік бөлмесіндегі сейфте тұрған, яғни қайырымдылыққа жиналған 270 мың теңгені ұрлап кеткен.

Жедел уәкілдер күдіктінің орналасқан жерін анықтап, нәтижесінде Сарыағаш ауданы Тасқұдық ауылының тұрғынын ұстады.

Қазір жігіт қамауда, тергеу жалғасып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан