Шымкентте жоғалып кеткен 17 жастағы қыз табылды

Шымкентте жоғалып кеткен 17 жастағы қыз табылды
Фото: otyrar.kz

8 наурыз күні сағат 19:00-де Шымкенттің 17 жастағы тұрғыны аулаға серуендеуге шығып, оралмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлерге іс 10 наурызда түсіп, бүгін, 11 наурызда жасөспірім табылды.

Қалалық полиция қыздың аман-есен табылғанын хабарлады. Қазір ол отбасымен қауышқан.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан