Ақтөбеде лифт шахтасына ер адам құлап кетті

Ақтөбеде лифт шахтасына ер адам құлап кетті
Фото: ТЖМ

Ақтөбеде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ер адам лифт шахтасына құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құтқарушылар оқиға орнына 5 минутта келді.

"Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп жетті. Арнайы зембілдің көмегімен құтқарушылар  Николай Кротов, Ғалымбек Әбдіжамілов, Шыңғыс Мұқаев зардап шегушіні салынып жатқан ғимараттан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы