Қостанайда әйел өзіне бензин құйып өртемек болған

Қостанайда әйел өзіне бензин құйып өртемек болған
Фото: Көрнекі сурет. Рixabay

Қостанайда әйел өзіне бензин құйып өртемек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Наш Костанай" басылымына сілтеме жасап. 

Бұл ақпарат @ilovekostanay Instagram-парақшасында жарияланды.

"Бұл дерек полицияда тіркелді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі өкілдері. 

Қалалық аурухана дәрігерлері күйік шалған науқастың қабылданғанын айтты. Оның жағдайы тұрақты. Дәрігерлер "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексіне сәйкес өзге ақпаратты бере алмайды.  

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек