Тоқаевты Әзербайжан президентінің резиденциясында қалай қарсы алды: фото

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президентінің "Загульба" резиденциясына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!