Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады

Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардариді Пәкістан президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Пәкістан Ислам Республикасының жаңадан сайланған президенті Асиф Али Зардариге құттықтау жеделхатын жолдады.

"Сіз мол өмірлік тәжірибеңіз бен көреген саясатыңыздың арқасында еліңіздің одан әрі өсіп-өркендеуіне зор үлес қосатыныңызға сенімдімін. Біз Пәкістанмен арадағы шынайы достық пен өзара құрметке негізделген берік серіктестікті жоғары бағалаймыз. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін өзіңізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз деп үміттенемін", – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардаридің бастамаларына табыс, ал Пәкістан халқына бақ-береке тіледі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек