20 градусқа дейін аяз: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

20 градусқа дейін аяз: алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Алдағы екі тәулікте Қазақстан аумағында атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша,  12 наурыз күні Павлодар және Қарағанды облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. 12-13 наурыз күндері Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл сондай-ақ Алматы облыстарында да қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр.   

Республика бойынша жел күшейіп, тұман шөгеді, көктайғақ болады деген болжам бар. 

Еліміздің кейбір өңірлерінде түнде ауа температурасы -10-20 градус аяз көрсетсе, күндіз -2-10 аяз болуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстік аймағында түнде термометр бағаны -2-12 градусқа төмендесе, күндіз 6 градус аяз болады деп болжанған.  

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы