Таразда базар аумағынан өрт шықты

Таразда базар аумағынан өрт шықты
Фото: ТЖМ

Таразда "Омар ата" базарының аумағында қойма өртенді - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өрт сөндірушілер қоймадағы өртті сөндіруде.

"Мәмбет батыр көшесінің бойында "Омар ата" базарының аумағында 350 ш.м. алаңда қойма үй-жайы өртеніп жатыр. Себебі анықталуда", - делінген хабарламада.

Сағат 10.05-те өрт оқшауланды.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамның 40-қа жуық адамы және техникасының 13 бірлігі жұмылдырылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы