Жетісу облысында он үйдің ауласын су басты

Жетісу облысында он үйдің ауласын су басты
Фото: ТЖМ

Жетісу облысында егістікте қардың қарқынды еруінен Алакөл ауданы Бескөл стансасында шамамен 10 үйдің ауласын су алып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, Жетісу облысы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардан 15 адам, 5 техника және 3 мотопомпа еріген қар суын бұру және суару каналын кеңейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. 

Қосымша тағы 25 құтқарушы, 4 техника және 6 мотопомпа оқиға орнына бара жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы