Ақтөбе облысында балықшылар қар құрсауында қалған

Фото: Видеодан алынған кадр

Ақтөбе облысының Қарғалы ауданындағы Желтау ауылдық округінің аумағында Қарғалы су қоймасының маңында 3 балықшының көлігі қар құрсауында қалғаны туралы хабар келіп түскен. Олар боран және нашар көрінуге байланысты көмекке жүгінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сағат 03:30-да құтқарушылардың күшімен 3 жеңіл автокөліктен 11 адам эвакуацияланды. Медициналық көмек қажет болған жоқ", - делінген хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы