Талғат Жорабаев әпкесі Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі туралы айтты

Талғат Жорабаев әпкесі Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі туралы айтты
Фото: Instagram

Талғат Жорабаев әпкесі Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Hit TV телеарнасына берген сұхбатында айтты. 

"Өте жақсы араласамыз. Себебі ол кісі өте сауатты адам, артық сөзі жоқ. Әрқашан қолдап тұрады. "Ақшаң бар ма, мына әніңді мен жазып берейін" дейді. Әлі еркелетіп тұрады. Бұрын көлікті сол кісі сыйға тартқан", - дейді әнші. 

Сонымен қатар, әнші Алтынай Жорабаеваның бірінші күйеуі Сәбит Әбдіқалықовпен қарым-қатынасы туралы айтты. 

"Көрген жерде амандасып тұрамыз. Әлеуметтік желіден көріп тұрамыз. Аман болсын. Жиендерімнің әкесі. Себебі әпкемнің тағдырына жазылды. Аман болсын, ешкімнің сыртынан жамандық тілейтін адам емеспіз", - дейді Талғат Жорабаев.  

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина