Талғат Жорабаев: "Әйелімнің анасы тұрмысқа шығуға рұқсат бермеді"

Әнші Талғат Жорабаев жеке өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Hit TV телеарнасына берген сұхбатында айтты. 

"Әнші жігіт дегенде жоқ деген, Шымкенттен дегенде мүлде келіспеген. Бірақ қазір барған жерімде сыйлы, беделдімін. Сыйластық жағынан да, аға-көке деп іші-бауырына кіріп, өзімнің кішіпейілдігімді көрсету жағынан № 1 күйеубаламын десем қателеспейтін шығармын. Өзімнің анама қалай қарасам, ол анама да солай қараймын. Келіншегім Аяулым да менің анаммен қарым-қатынасымды көре бастап, менің анама деген қарым-қатынасы солай бастады", - дейді әнші. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!