Қазақстандық құтқарушылар 17 шетелдік азаматты эвакуациялады

Құтқарушылар шетелдік азаматтарды эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы Темірбек Жүргенов кентінен 3 шақырым жерде, "Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай" автожолының 80 шақырымында құтқарушылар техникалық ақаулы жолаушылар автобусын Т. Жүргенов ауылының мешітіне көшірді.

Жолаушылар автобусында 17 азамат болды Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары. Медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ алыс жолдарға шығу кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина