Жетісу облысында каналдағы су деңгейі көтеріліп кеткен

Жетісу облысында каналдағы су деңгейі көтеріліп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін ТЖД-не Жетісу облыстың Қопар ауылының маңындағы "Көкөзек" каналында су деңгейінің көтерілуі туралы хабарлама келіп түскен.

Шақыру орнына дереу 5 қызметкер мен 1 бірлік техника келді.

Каналдың екі жерінде судың толып кетуі анықталды. Жағдай тұрақты, аула аумақтарын су басу жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина