Атырауда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Атырауда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты
Фото: pixabay.com

Атырауда жүргізуші асқан жылдамдықпен жүріп, жол апаты болып, төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі atpress.kz-ке сілтеме жасап.  

Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасы мәлім етті.

10 наурыз күні сағат 01:40 шамасында, С.Бейбарыс көпірінде Lada Granta және Infinity автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан Lada Granta автокөлігінің 1998 жылы туған жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза болып, тағы бір жолаушысы жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина