Аша Матай жұбайы Арман Қоңырбаевпен ажырасты деген әңгіме қайдан шыққанын түсіндірді

Аша Матай жұбайы Арман Қоңырбаевпен ажырасты деген әңгіме қайдан шыққанын түсіндірді
Фото: әлеуметтік желі

Тележүргізуші, актриса Аша Матай Taboo бағдарламасында ел арасында неліктен бір кездері жұбайы Арман Қоңырбаевпен ажырасып кетті деген әңгіме тарағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, бұл Instagram-да бір-бірін достықтан өшіруден басталған.

"Менде конкурс болды. Конкурс ол кезде танымал болды. Демеушілердің айтуы бойынша кім демеушілікке ақша төледі, солар ғана болады. Оларды (Арманды - еск.) досымнан шығарып тастадым. Сөйтіп, болмайтын жерден шыққан дау болатын. Содан кейін сол әңгімені алып кеттік, сол кезде клип түсірдік. "Ау жаным" деген ән жаздық. Менің ойымша, отбасылық өмірді өнермен салыстырудық қажеті жоқ. Отбасылық өмірді көрсете берудің қажеті жоқ. Көз бар, сөз бар. Өнер адамы болғаннан кейін өнерімізбен танылуымыз керек", - деді ол.

Айта кетейік, өнерлі жұп қазір екі қыз тәрбиелеп отыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова