Адам жиі мән бермейтін, бірақ қауіпті диагноздар аталды

Адам жиі мән бермейтін, бірақ қауіпті диагноздар аталды
Фото: depositphotos.com

Терапевт ревматологқа жазылу керек десе, бұл сізде ревматизм бар дегенді білдірмейді. Мұндай дәрігерлер денсаулықтың әртүрлі мәселелерімен айналысады. Бұл туралы ревматолог Татьяна Гульева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.

Ревматолог не емдейді?

Ревматологтар - буындарға, теріге және ішкі мүшелерге байланысты мәселелерді емдейтін дәрігерлер.

Ревматологтар мына ауруларды анықтайды және емдейді:

  • ревматоидты артрит;
  • псориатикалық спондилит-псориаз;
  • подагра;
  • Бехтерев ауруы;
  • Шегрен ауруы;
  • васкулиттер;
  • ревматикалық полимиалгия;
  • дерматомиозит;
  • жүйелік склеродерма;
  • реактивті артрит;
  • остеопороз және т.б..

Олардың белгілері қандай?

Ревматологқа баруды қажет ететін симптом - буын мен омыртқадағы ауырсыну.

  • Буындар ісініп, қызаруы.
  • Теріде бөртпе пайда болуы.
  • Лимфа түйіндері үлкеюі.
  • Құрғақ тері мен шырышты қабаттар.
  • Ұзақ уақыт дене қызуы көтерілуі.
  • Көздің және ішектің қабыну аурулары.
  • Шырышты қабық пен тері жаралары.
  • Бұлшықеттердегі ауырсыну және әлсіздік.
  • Тромбоздар.
  • Бала көтере алмау.
  • Сүйек сынуы.

"Кез келген дәрігер қан талдауынан ауытқу байқаса, ревматологқа жібере алады: терапевт, дерматолог, хирург, травматолог, кардиолог, гастроэнтеролог, невропатолог, эндокринолог, уролог", - деді Татьяна Гульева.

Ревматологтың диагностикалық әдістері әртүрлі. Олар: қан мен зәр анализі, рентген, КТ, МРТ, ультрадыбыстық, артроскопия, денситометрия. Кейде биопсия да қажет болуы мүмкін.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова