Ақтауда 8 наурызда алып бала дүниеге келді

Ақтауда 8 наурызда алып бала дүниеге келді
Фото: elements.envato.com

Ақтауда 8 наурызда алып бала дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақтауда Халықаралық әйелдер күні перинаталдық орталықта 22 сәби дүниеге келді. Оның тоғызы - қыз және 13-і - ұл. 

Ең жоғары салмақ ұлдардың бірінде тіркелді - 5380 грамм, бойы - 60 сантиметр. Мамандардың айтуынша, мұндай параметрлермен дүниеге келген бала алып болып саналады. Ал ең кішкентай баланың салмағы - 2700 грамм, бойы - 49 сантиметр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек