"Алматылық сот-медициналық сарапшы әйелді ұрды": полицейлер пікір білдірді

"Алматылық сот-медициналық сарапшы әйелді ұрды": полицейлер пікір білдірді
Фото: Видео кадры

Желіде Талдықорғанда ер адамның жұмыс орнында әйелді ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеодағы "кейіпкері" алматылық сот-медициналық сарапшы екені мәлім болды: басылым тілшісі полицияға тиісті сауал жолдады.

"Алматы қаласының Сот сараптамасы институтының сарапшысына қатты ұқсайтын ер адам жұмыс орнында әйелді ұрып-соғып жатыр. Ішкі істер министрлігінен шара қолдануын сұраймыз", - делінген видеоның астындағы сипаттамада.

Жетісу облысының тәртіп сақшылары оқиға 9 қаңтарда Талдықорғанда болғанын айтты. 

"Полиция бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға 9 қаңтарда Талдықорғандағы интернет-дүкендердің бірінде болғаны анықталды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жария етілмейді", - делінген облыстық полиция департаментінің жауабында.

Видеода балағат сөз бар!

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек