Іш қатудан арылуға нақты 5 қадам

Іш қатудан арылуға нақты 5 қадам
Фото: ru.freepik.com

Денсаулығы жақсы адам күнде үлкен дәретке баруы керек. Алайда көпшілік адам іш қатумен қиналады. Дәрігер Айжан Қалдыбекқызы іш қатудан арылудың 5 қадамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігер бұл туралы өзінің инстаграм-парақшасында айтты.

Дәрігер Айжан Қалдыбекқызы іш қатудан арылу үшін мына ұсыныстарды орындауға кеңес берді:

  1. Өттің жүруіне көмектесіңіз. Минералды ас-суының газын шығарып, тамақ ішерден 30 минут бұрын оны 200 мл-дей ысытып ішіңіз. Күнде таңертең 300-400 мл ауыз күймейтіндей ыстық су ішуді әдетке айналдырыңыз. Суды бірден емес, біртіндеп ұрттап ішіңіз;
  2. Рационға көбірек жасұнық, пайдалы май, ақуыз қосамыз. Мәзіріңізді түрлендіріп отырыңыз. Түрлі салат, көкөніс, жидектер, пайдалы майлар болуы керек. Асқабақ пен қызылшаны көбірек жеңіз;
  3. Ұн тағамдары мен глютеннен бас тартыңыз. Нан, түрті тәтті пісірмелерден бас тартыңыз;
  4. Белсенді болыңыз. Күніне кем дегенде 4 000 қадам жасаңыз. Арнайы жаттығулар жасасаңыз тіптен жақсы;
  5. Күйзелістен арылыңыз. Күйзеліс асқорыту жүйесінің қызметін бұзады. Сол үшін эмоциялық күйді бақылауда ұстау керек. Әр нәрсеге күйгелектене бермеңіз.

Оқи отырыңыз: Дәретханада ұзақ отыру қандай қауіпті салдарларға әкеледі?

А. Жапатова