Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: ТЖМ

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖ министрлігіне сілтеме жасап. 

Бүгін сағат 9:20-да Алматы облысында, Қарасай ауданында Қайнар және Бекболат кенттері арасында жол-көлік оқиғасы болып, көлік ағашқа соғылғаны туралы хабар келіп түсті. 

Гидравликалық авариялық-құтқару құралын пайдалана отырып, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жолаушының денесін көлік салонынан алып шықты.  Сағат 10:23-те оқиға орнында құтқару жұмыстары аяқталды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек