8 наурызда Шымкентте жантүршігерлік оқиға болды

Шымкентте жігітті жүк пойызы қағып кетті. Елді дүрліктірген оқиға 8 наурызда Жиделібайсын көшесінде болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, марқұм - шамамен 18-20 жастағы ер адам. Пойыз жігітті 20-30 метрге дейін сүйреп, кейін тоқтаған. Көлік полициясы оқиғаның мән-жайын әзірге жарияламады. Ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатқанын ғана хабарлады.

"Бұл дерек бойынша Шымкент станциясының желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтерді жария етуілмейді", - деді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!