"Сорлы үкімет". Ырысбала Икрамбай әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қайырымдылық жасады

"Сорлы үкімет". Ырысбала Икрамбай әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қайырымдылық жасады
Фото: Әлеуметтік желі

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қайырымдылық жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Бүгін Шымкент қаласындағы нөмері 9 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына бардық. Мұнда 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар, ақыл-ой кемістігі, іске қабілетсіз 1-2 топ мүгедектеріне арнаулы қызмет көрсететін орталық….
Мұнда 74 қызмет алушы (23 әйел, 51 ер кісі) осы мекеменің өмірінің соңына дейінгі тұрғындары, соның 54-і қазақ.
Сырттан қарасаң сап-сау секілді бірақ бір әттеген-ай бастағы, мидағы ақау ғой.
Бала кезде ата-ананың күші жетіп баласына қарайды-ау іштен шыққан шұбар жылан деп қимағанмен, үлкейген сайын төтеп беруге күш жетпейтіні бар. Сол үшінде осындай арнаулы мекемелерге өткізуге тура келеді. Бұл жерде өмірінің соңына дейін болады.
Тағдыр, жазмыш…
Бірі бастан соққы алса, бірі стрестен ақыл есінен адасқан, енді бірі туа бітті…
74 қызмет алушы жандарға спорттық киім, аяқ киім, пижама, орамалдар мен қыздарға мерекеге сыйлығымызды, тортымызды көтеріп бардық. Қыздар мерекесіне орай апайлары шыр-пыр болып жігіт сұлтаны сайысын ұйымдастырыпты, куәгер болып қатысушыларға сыйлығымды ұсынып әділ-қазы болып қайтқан жайымыз бар.
Біреуді көріп пікір етесің, біреуді көріп шүкір етесің. Денің сау, артыңнан ұрпағың қалады, тойыңды тойлап ағайын туысыңның алдындасың шүкір де осы өміріңе, әрнәрсені ойлап жүйке жүйеңе, миыңа, денсаулығыңа зиян келтіре берме, ауырсаң ешкімге керек болмайсың……
Бұл жандардың сүріп жатқан өмірінен сіздердің мүлде хабарларыңыз жоқ, бір рет ғана келетін, бір рет ғана сүретін өмірде қиын тағдырлы бейшара күйдегі жандар көп, шүкір де!
Сорлы үкімет іштен шыққан баласы қажет етпеген ата-ананы бағады қарттар үйі, мүгедекпен жалпақ тілмен айтқанда жындыны да бағады, жетімге де жесірге де көмек бар, сонда да адамға жақпайтын үкімет.
Ағайын-туысқа, туғанға керек болмаса да мемлекетке керек болып бағып жатыр, осы жандардың күтімімен айналысып жүрген жандарға айлығын бөліп отыр.
Өз балаңның жылағанын, байыңның сөзін көтере алмайсың кейде, ақыл-есі кем жандармен жұмыс жасау үшін үлкен күш, жігер, жүрек керек!
Мекеме басшылығына, барша қызметкерлеріне қазақтың үлкен жүректі батыр қыздары сіздерге мың алғыс, Алланың нұры жаусын!
Ғайыптан тайып барша жандар ауруынан құлан таза айығатын күн келсейші шіркін-ай…", - деп жазды ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә