Дәрумен тапшылығының алдын алу үшін күніне қанша жеміс жеу керек?

Дәрумен тапшылығының алдын алу үшін күніне қанша жеміс жеу керек?
Фото: pixabay.com

Ағзада белгілі бір дәрумендер мен микроэлементтер жетіспесе, денсаулық нашарлап, түрлі белгі береді. Тапшылықтың орнын толтыру үшін  дұрыс тамақтану қажет. Эндокринолог Кристина Чепыгова гиповитаминоздың алдын алу үшін күніне қанша жеміс жеу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Известияға" сілтеме жасап.

Маманның сөзінше, көбінесе 65 жастан асқан адамдар, жаңа туған нәрестелер, отадан кейін, асқазан-ішек аурулары бар және алкогольді тым көп ішетіндерде белгілі біл дәрумен жетіспеушілігі бар. 

Қарапайым теңдестірілген диета адам ағзасына қажетті барлық элементті бере алады. Ал дәрумен тапшылығының алдын алу үшін күн сайын 5 немесе одан көп көкөніс пен жеміс, 2-3 сүт немесе ашытылған сүт өнімдерін, 2-3 құрамында ақуызы жоғары тағам (мысалы, балық, ет, жұмыртқа немесе бұршақ дақылдары), сондай-ақ 3-4 дәнді дақылдар (макарон, жарма, дәнді нан) тұтыну керек.

Қазір заманауи азық-түлік құрамында дәруменнің жеткілікті мөлшері жоқ деген халық арасында ұғым тараған. Ал дәрумен қоспалардың пайдасы болмауы да мүмкін, егер дәрігердің кеңесінсіз ішетін болса, тіпті денсаулыққа қауіп төндіреді. 

Айта кетейік, бұған дейін балаға қандай дәрумен керегі хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: 8 наурызда дүниеге келген адамдар қандай болады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә