Алматыдағы сауда үйінде өрт шықты

Алматыдағы "Жібек жолы" сауда үйінде өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Сағат 11:50-де өрт шыққан жерге жоғары дәрежедегі жедел әрекет ету күштері жіберілді. "Жібек жолы" сауда орталығының төртінші қабатындағы әкімшілік бөлмеде 20 шаршы метр аумақта жиһаз өртеніп жатқаны белгілі болды.

Оқиға орнынан келушілер эвакуацияланған.

Фото: Алматы төтенше жағдайлар департаменті

Өрт сағат 12:13-те ауыздықталды. Өрт 12:21-де сөндірілді. Өрт сөндірушілер кәсіпкерлердің бутиктерін өрттен аман алып қалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан