Алматы облысында колония басшысы ұсталды

Алматы облысында колония басшысы ұсталды
Фото: Tengrinews.kz

Алматы облысында колония басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚАЖ баспасөз қызметі 7 наурызда Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты №57 мекеменің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін істің егжей-тегжейі жарияланбайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан