Жер сілкінісінен кейінгі үрей мен қорқынышты қалай жеңуге болады? Психологтардың кеңесі

Жер сілкінісінен кейінгі үрей мен қорқынышты қалай жеңуге болады? Психологтардың кеңесі
Фото: depositphotos.com

Бес балдық екі жер сілкінісінен кейін алматылықтардың кейбірінде үрей пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Bes.media-ға сілтеме жасап.

Қорқынышты жеңіп, қалай қалыпты өмірге оралуға болады? Бұған қатысты психолог, гештальт-терапевт Әсел Дорбаева және "Импровизация" практикалық психология студиясының жетекшісі Людмила Лысакова кеңес берді.

Неге жер сілкінісінен елдің үрейі ұшады?

Людмила Лысакованың айтуынша, жер сілкінісі адамның қауіпсіздігіне, өміріне қатнр төндіретін төтенше жағдайға жатады. Жер сілкінісінен кенеттен болатыны адамды одан сайын үрейлендіріп, есеңгіретіп тастайды. 

Адам қатты қорқады, адреналин мен норадреналин деңгейі жоғарылайды, адамның қорғаныс күші жұмылып, және өзін-өзі сақтау түйсігі белсенді бола түседі.

"Адреналин мен норадреналин деңгейінің жоғарылауынан жүрек соғысы жиілейді, қан қысым көтеріледі, қан тамырлары тарылады, ал кейбіреулерінде тремор (денедегі діріл) болуы мүмкін. Барлық ой мен сезім екінші сатыға түседі. Адамның санасында бір ғана - "қалай аман қаламын?" деген ой тұрады", - деп түсіндірді психолог.

Төтенше жағдай кезінде өзіңізге қалай көмектесуге болады?

Қауіпсіз жерге жетіп алғаннан кейін өзіңізді қолға алыңыз. Психологтар мынандай кеңес береді:

  1. Басқа адамдарды іздеп табыңыз. Топпен жүрсеңіз, қорқынышты жеңу әрдайым оңайырақ болады, сондықтан болған оқиға туралы сөйлесіп, сезімдеріңізді айту маңызды. Бұл артық стресс пен алаңдаушылықты жеңілдетуге көмектеседі.
  2. Дірілді басу. Ағзаңыздағы қалған күйзелісті шығару үшін секіруіңізге, қолдарыңызды немесе аяқтарыңызды шайқауға болады.
  3. Эмоцияларға еркіндік беріңіз. Жылап алыңыз, айғайлағыңыз келсе – айғайлаңыз. Өз уайымыңызды өзгелердікімен салыстырмаңыз. Әркім стресті түрліше қабылдайды.
  4. Айналаңызға қараңыз, көргеніңіздің бәрін сипаттаңыз. Қазіргі уақытта сіз көріп тұрған нәрселер қаншалықты қауіп төндіреді? Оқиғаға қатысты сенімді ақпарат керек. Қажет болғанша қауіпсіз жерде қалыңыз.
  5. Тыныс алуды қалпына келтіріңіз. Тыныс алуыңызды қадағалаңыз, жерге қосу техникасын қолданыңыз: мұрныңызбен 4 секунд дем алыңыз, деміңізді 4 секунд ұстаңыз, аузыңыздан 4 секунд дем шығарыңыз және қайтадан 4 секунд ұстаңыз.

Төтенше жағдайдан кейін өзіңізді қалай тыныштандыруға болады?

Егер физикалық тұрғыдан қиын - мазасыздық, ұйқысыздық болса және бір ай ішінде болған оқиға туралы ой үнемі маза бермесе, қорқынышыңызды 1-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша 8-ден 10-ға дейін бағаласаңыз, онда дәрігерге қаралуыңыз керек.

Ұйқыны қалай қалпына келтіруге болады?

Сіз ұйықтай алмай жатсаңыз, жер сілкінісі туралы ой маза бермесе, бұл ойлардан қашудың қажеті жоқ, дейді психолог Людмила Лысакова. Мыналарды істеуіңіз керек:

  • Осы қорқыныштар туралы әңгімелесіңіз.
  • Сіз қорқатындығыңызды мойындаңыз, айналаңызға қараңыз, осы жерде және қазір жағдайды бағалаңыз. Көргеніңіздің бәрін сипаттаңыз.
  • Өзіңізге мына сұрақты қойыңыз: қазіргі уақытта менің өміріме нақты қауіп төніп тұр ма?
  • Денеңіздің нені сезіп тұрғанына назар аударыңыз. Мына сұрақты қойыңыз: денемнің қай жерінде мен қорқыныш сезіп түрмын? Ол менің денеме не істейді?
  • Аяғыңызды, қолыңызды, ішіңізді, кеудеңізді, көзіңізді, аузыңызды ширатып, босаңсытыңыз. Тыныс алуға арналған жаттығулардды жасаңыз. Егер терең тыныс ала алмасаңыз, қалай бар солай дем алыңыз, ең бастысы - өзін-өзі бақылау.

Егер жалғыз тұрсаңыз, онда жақындарыңызбен, достарыңызбен бірге болғаныңыз немесе оларды өз үйіңізге шақырғаныңыз жөн.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан