Алматының орталығында мопед жүргізушісі бағдаршамда тұрған көлікке соқтығысты

Алматының орталығында мопед жүргізушісі бағдаршамда тұрған көлікке соқтығысты
Фото: Tengrinews.kz

Алматының орталығында мопед жүргізушісі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға қала әкімдігі мен орталық мұражай маңындағы Назарбаев даңғылында болған.

Фото: Tengrinews.kz

Алматы полициясы мопедтің қытайлық люкс көлікпен соқтығысқанын хабарлады.

"Бұл жол апаты бүгін Назарбаев даңғылы мен Ганди көшесінің қиылысында болды. Li көлігі мен мопед соқтығысты. Оқиға салдарынан мопед жүргізушісі зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша, ол қашықтықты сақтамағанының кесірінен жаяу жүргіншілер өткеліне жетпей тоқтаған көлікке соқтығысты", - деп хабарлады полиция.

Оқиғаның мән-жайын Медеу аудандық полициясы анықтап жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан