Президент "Ару-Ана" үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ару-Ана" үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорадның хабарлауынша, бұл жолы марапат түрлі салада әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып, азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге алты номинация бойынша табысталды.

"Ару-Ана" байқауының жеңімпаздары:

  • "Ауыл әйелдерін дамытуға арналған үздік жоба" номинациясы бойынша – Елшібаева Бақытгүл Қазезбайқызы;
  • "Ғылым саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Шакуликова Гүлзада Тәңірбергенқызы;
  • "Азаматтық сана-сезімді дамыту бағытындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Ахмеджанова Әлия Серікболқызы;
  • "Ұлттық мәдени мұраны насихаттау бағытындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Михалёва Анастасия Анатольевна;
  • "Агробизнес саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Арқашбаева Ботагөз Махамбетқалиқызы;
  •  "Креативті индустрия саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Еділбекова Мәдина Еділбекқызы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараға қатысты. Ол салтанатты жиынға қатысқан әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, сөз сөйледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!