Қазақстан пойыздарында қанша бала дүниеге келді?

Қазақстан пойыздарында қанша бала дүниеге келді?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Кейінгі үш жылда Қазақстан пойыздарында 12 сәби дүниеге келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі мереке қарсаңында статистиканы бөлісті. Онда сәбилердің жолсеріктердің көмегімен дүниеге келгені атап өтілген. Оның үстіне, пойызда туған әйелдің барлығы көпбалалы аналар екені белгілі болды. 

Теміржолда 3,5 мыңнан аса жұмысшы бар, оның 1000-ы - пойыз жолсерігі, 400-і - касса қызметкерлері. Жолсеріктер айына 170-тен 180 сағатқа дейін отбасыларынан алыста жүреді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек