Криптовалюта айналымы: Қаржы мониторинг агенттігі маңызды ескерту жасады

Қаржы мониторинг агенттігі жеке тұлғалард криптовалютамен заңсыз операциялар (сатып алу/сату, тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін есеп айырысулар, Р2Р арқылы операциялар) жүргізгенін байқады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Криптовалюта көбіне алаяқтық, қаржылық пирамида және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату сияқты қылмыстарда қолданылады.

"Қазақстан аумағында қамтамасыз етілмеген сандық активтерді шығаруға (Bitcoin, Ethereum және т. б.) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымына (Bitcoin, Ethereum және т. б. арқылы өзара есеп айырысу); қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер бойынша цифрлық активтер биржаларының қызметіне (қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді валютаға және валюталарды қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерге айырбастау жөніндегі қызметтер) тыйым салынғанын еске саламыз. Осы тыйымның бір ғана ерекшелігі бар - "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) лицензиясын алған биржалардың қызметі", - деп ескертті агенттік өкілдері.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!