Қазақстанда қанша әйел өмір сүреді?

Қазақстанда қанша әйел өмір сүреді?
Фото: Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы әйелдер санын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бюроның мәліметінше, Қазақстанда 10 260 057 әйел бар.

"Дәл осынша әйел, аяулы жар, ана мен қыз 8 наурыз мерекесінде шын жүректен шыққан құттықтауларды қабыл алатын болады", - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда әйелдердің 63,6% қалалық, 36,3% – ауылды жерлерде тұрады.

Өңірлер бөлінісінде әйелдердің басым көпшілігі Алматы қаласында – 1 196 450, Түркістан – 1 049 866 және Алматы – 766 092 облыстарында тұрады.

Жас құрамы бойынша 18 жасқа дейінгі қыздардың саны – 3,3 млн, 18-ден 60 жасқа дейінгілердің саны – 5,3 млн, 60 және одан жоғары жастағы апа-әжелеріміздің саны 1,6 млн.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы