Қай өңірде миллион теңгені тез жинауға болады?

Қай өңірде миллион теңгені тез жинауға болады?
Фото: pixabay.com

Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары Қазақстанның қай өңірінде бір миллион теңгені тез жинауға болатынын есептеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Есепті жасау үшін өңірлердегі былтырғы орташа жалақы бойынша ресми статистика деректері пайдаланылған.

Есептеу орташа жалақыдан 1 миллион теңге сомасына дейін (банктегі салымды есепке алмағанда - еск.) ай сайынғы жинақтардың 10 пайызы жүзеге асырылады деп болжайды. 1 миллион теңге саны шартты түрде таңдалды.

Осылайша, Ұлытау, Маңғыстау, Атырау облыстарының, сондай-ақ, Астана және Алматы қалаларының тұрғындары 2-3 жыл ішінде 1 миллион теңге жинақтай алады.

СҚО, Жетісу, Алматы және Жамбыл облыстары тұрғындарына қор жинау қиынырақ болады. Бұл өңірлерде 1 миллион теңге жинақтау үшін шамамен 4 жыл қажет болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Ордабаев