8 наурызда қыз-келіншектер қоғамдық көлікте тегін жүреді

8 наурызда қыз-келіншектер қоғамдық көлікте тегін жүреді
Фото: Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі

8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Ақтау, Атырау, Ақтөбе қалаларында қыз-келіншектер қоғамдық көлікте тегін жүреді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірнеше бағытта әйелдер тегін жүре алады.

"Ақтау жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өкілдерінің айтуынша, №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 бағыттар бойынша әйелдер тегін жүре алады", - деп хабарлады әкімдік.

Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Халықаралық әйелдер күніне орай қоғамдық көлікте әйелдер үшін жол жүру тегін болады.

"Ақтөбеде қала тұрғындары мен қонақтарына "Автопарк" ЖШС, "Қала транс" ЖШС, "Ақжайық автопарк" ЖШС және "Табыс Ақтөбе" ЖШС тасымалдаушы компаниялары қызмет көрсетеді. Барлық 4 компанияның автобустары 8 наурызда өзінің тұрақты кестесіне сәйкес жүреді. Әйелдер үшін бәрі тегін қызмет көрсетеді",-делінген хабарламада.

Атырауда қоғамдық көліктер 07:00-ден 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

"8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай қала аумағында қатынайтын қоғамдық көліктер әйелдер қауымына бір күн бойы тегін қызмет көрсетеді. Автобустар тұрақты кестеге сәйкес сағат  жүреді", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы