Көктемде дүниеге келген балалар – ерекше: 12 дәлел

Көктемде дүниеге келген балалар – ерекше: 12 дәлел
Фото: pixabay.com

Ауа райы шарттары, температуралар өзгерісі, рацион, күн сәулесінің жарығы, маусымдық вирустық аурулар – мұның барлығы ананың да, баланың да ағзасына әсер етпей қоймайды. Сондықтан көктемде дүниеге келген балаларға арналған жалпы сипаттама бар. Көктемде дүниеге келген балалар несімен ерекшеленеді?

1. Сүйкімділік

Көктем – табиғаттың оянатын, түрлі түстерге боялатын кезі. Бұл кезде дүниеге келген балалар да табиғатынан сұлу, ашық мінезді, мейірімді және көпшіл болып келеді. Олар әрқашан жұрттың назарында, бірдеңе ойлап табады, бірдеңеге қатысады. Олар энергияға толы. Ата-анаға мұндай баланың тілін табу оңайырақ, оны тәрбилеуде қиындықтар тумайды: көктемгі балалар отбасыда айтқанды тыңдайды, мектепте тәртіпті болады және айналасындағыларды құрметтейді. Наурызда және сәуірде дүниеге келген балалар жиі шығармашыл келеді: жиі сурет салуға, музыкаға және қол өнеріне бейім болады.

2. Оптимизм

2014 жылы Венгрияда жарияланған ғылыми жұмыста көбіне көктемде дүниеге келген адамдарда гипертимдік темперамент болу мүмкіндігі жоғары екені айтылды. Бұл типке жататын адамдар әдетте оптимист, көпшіл, белсенді, өзіне сенімді болады. Бірақ гипертимияның жағымсыз да жағы бар: мақтаншақтық, қызбалық, ашушаңдық.

3. Лидерлік қабілет

Көктемде дүниеге келген адамдар туғанынан табысқа жетелейтін қабілеттерге ие. Бұл әсіресе туған күнін наурызда және сәуірде тойлайтын адамдарға қатысты. Олардың арасынан жиі бизнесмендер, басшылар, беделді тұлғалар шығады. Көктемгі адамдар кез келген салада табысқа жете алады.

4. Аз ауырады

Дәрігерлер көктемде босанудың көптеген артықшылықтары бар екенін айтады: көктемде дүниеге келген бала жылдың жылы мерзімінде, таза ауада серуендеуге қолайлы уақытта өсіп-қатаяды. Сондай-ақ бұл мерзімде бала емізетін ана табиғи жемістер мен көкөністер жейді. Сонымен қатар, көктемде бала босанған әйелдер депрессиямен сирек қиналады.

5. "Бозторғай" емес, "жапалақ"

Егер көктемде бала босансаңыз, ұйқысыз түндерге дайын болыңыз. Зерттеулер көктемде және жазда дүниеге келген балалар әдетте күзде және қыста дүниеге келген балаларға қарағанда кеш ұйықтайтынын анықтаған.

6. Мейірімділік

Бұл кезде дүниеге келген адамдар сыртынан қарағанда көңілді және уайымсыз көрінгенімен, жан-дүниесі нәзік, жүрегі жұмсақ және табиғатынан сезімтал келеді. Олар айналасындағылар үшін шын қуанады, қайғысына ортақтасады және әрқашан көмектесуге дайын тұрады. Олар - сондай-ақ жануарларды қорғаушылар, көктемде дүниеге келген балалардың үйінде жиі үй жануарлары болады.

7. Шығармашыл

Коннектикут Университетінің зерттеушісі Марк Гамильтон 300-ден аса қоғам қайраткерлеріне (суретшілерден бастап ғалымдар мен саясаткерлерге дейін) анализ жасаған. Зерттеу нәтижесінде, оларды тек табысқа жетуі, ерекше ойлауы ғана емес, сондай-ақ олардың дүниеге келген маусымы да біріктіретінін байқаған. Көктемгі балалар шығармашылық қабілеттерге ие, сондықтан ата-ана баланың бұл қабілетін бағыттауға көмектесуі керек.

8. Гипербелсенді емес

Көктемде дүниеге келген балаларға гипербелсенділік және зейіннің жетіспеушілігі диагнозы сирек қойылады.

9. Оларға мектепте қиын болмайды

Көктем – оқу жылының ортасы. Сондықтан бұл кезде дүниеге келген балалар сыныпта ең үлкені немесе ең кішісі болмайды. Оның да өз артықшылықтары бар.

10. Болашақта сирек кездесетін мамандықты таңдайды

Британ ұлттық статистика басқармасы адамдардың туған айы мен мансап арасындағы байланысына анализ жасаған. Нәтижесінде, наурызда дүниеге келген баланың болашақта ұшқыш болу мүмкіндігі жоғары екенін байқаған. Сондай-ақ туған күнін наурызда тойлайтын адамдардан жиі суретшілер мен музыканттар, сәуірде дүниеге келген адамдардан әлемді басқаратын беделді тұлғалар, диктаторлар, мамырда – әртістер, саясаткерлер, архитекторлар шығатынын анықтаған.

11. Аллергияға төзімді

Мамырда көптеген аллергик адам қиналады. Алайда бұл бала босануға жақсы мерзім екені анықталған. Ұлыбритания ғалымдары баланың туған күні мен аллергия даму арасындағы байланысты зерттеген: олар әртүрлі мерзімде дүниеге келген балалардың ДНҚ-маркерлерін қараған. Аллергия, демікпе, экземаның жоғары қаупі күзде дүниеге келгендерде болған, ал көктемде дүниеге келгендерде олардың қаупі ең төмен болған.

12. Жүрек ауруларының жоғары қаупі

Колумбия университетінің ғалымдарының айтуынша, наурызда дүниеге келгендерде жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының даму қаупі жоғары. Оны дәрігерге көрінген соң ғана нақты біле аласыз. Алайда туған айына қарамастан, кез келген адам үйлесімді диета мен физикалық белсенділікті сақтап, зиянды әдеттерден аулақ болуы керек.

Оқи отырыңыз: 2024 жылға арналған жұлдыз жорамал

Дереккөз: Parents.ru

А. Жапатова